Қазақ халқының салт — дәстүрі «Балаға ат қою», бесікке бөлеу, тұсау кесу, сәукеле кигізу.

0

Қазақ халқының салт — дәстүрі «Балаға ат қою», бесікке бөлеу, тұсау кесу, сәукеле кигізу.
Мақсаты: Жас ұрпаққа бала тәрбиесіне байланысты халықтың салт — дәстүрлерін насихаттау, өз халқының әдет — ғұрыптарын дәріптеуге, құрметпен қарауға баулу, мейірімділікке, көпшілдікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Өткізілу формасы: Сахналық қойылым
Жабдықталуы: Қазақтың кигіз үйінің көрінісі, үй жиғаздары, бесік, дөңгелек жер үстел, домбыра.
Барысы:
Сахнада атасы мен әжесі және қонақ жігіт дастархан басында жайғасып қымыз ішіп отыр.
Балалар жүгіріп кіріп:
— Әже, әже сүйінші, мен қарындасты болдым.
— Алақай, енді менің сіңлім бар! Әже, мен оны ойнатып, шашын өріп беремін.
— Менің қарындасым. Бөпе менікі!
Әже:
— Өркендерің өссін, шырақтарым. Тәуба, тәуба! Тфә, тфә, тіл көзім тасқа деп сүйіншілерді таратады.
Балалар:
— Ата, есімі кім болады?
— Мен қояйыншы, сіңлімнің есімін?
— Жоқ, мен қоям!
Әже:
— Отағасы, немереңіздің атын кім қоясыз?
Ата:
— Балаға ат қою – халқымыздың ежелден келе жатқан салты. Дәстүрімізді сақтайық. Ауылымыздың құрметті ақсақалы Оразалыға қойғызайық. Орекеңдей ақылды, дана, елге сыйлы болсын! Қазан көтер, немереме есім берейік!
Әже:
— Аталарың дұрыс айтады шырақтарым, мен қазан — ошақ жаққа барайын. Құлындарым — ау, жүріңдер. Әжелеріңе көмектесіп жіберіңдерші.
Балалар:
— Әрине, әжетай!
Әже:
— Құлындарым менің! Қолқанаттарым менің!
Бәрі шығып кетеді.
Ата:
— Ал, шырағым. Бүгін өзі тамаша күн болғалы тұр. Күмбірлетші қанекей, қос ішекті!- деп қонақ жігітке айтады
КҮЙ орындалады
Күй орындалып біткен соң, сахнаға көп қонақтар келіп кіріп, жайғасады.
Барлығы:
— Немереңіздің бауы берік болсын, деп кіреді.
Оразалы: Амансыз ба, замандас?
Атасы: Аманбыз Аманбыз! Қош келдіңдер!
Ата: Ал, қауым, бүгін немеремізге ат қойғалы отырмыз. Ат қоюды замандасым Оразалыға бермекпін. Алып келіңдер немеремді!
Жүргізуші: Ат қою салты туралы түсінік береді
Апа, келіні, барлығы немересін алып келеді.
Әжесі баласын ұстап тұрады, Оразалы ақсақал:
Оразалы: «Сеннің атың – Ажар болсын, атың – Ажар болсын атың – Ажар болсын», — деп 3 рет қайталайды. Я, жаратқан! Бүгінгі есім берген сәбиімізге ұзақ өмір нәсіп ете гөр. Енді сәбиімізге қол жайып, бата берейік!

Бақытты бала болсын,
Ақылды дана болсын.
Аман сау өсіп ер жетіп,
Ата — анасына пана болсын!
Пейілі кең болсын, айтқаны жөн болсын.
Қадамы оң болсын.
Бесігінің түбегі даңғыр қақсын,
Жөргегін сан құрғатсын.
Жаялығы аңқи берсін,
Уілдеп шалқи берсін.
Атына сай Ажарлы болсын,
Жүрген жері базарлы болсын!
Сәбиімізге жан тимесін.
Аман — сау болып ер жетсін,
Ақ әже болып төрлетсін!
Әумин!!!

Атасы: Бәрекелді, құтты болсын! Ажарымыздың өмір жасы ұзақ болсын!
Әжесі: отағасы Оразалы ақсақалға не береміз?
Атасы: Ат мінгіземін!!
Әжесі: Шырақтарым аталарыңды дастарханға шақырыңдар!!
Келін: Жүріңіздер! төрлетіңіздер!
Әжесі:
— Сәбиімізді бесікке салайық!
Бесікке бөлеу салты жасалады.
Бесікті үлкен келін алып шығады. Апаны сахнаға алып шығады.
/тыштырма рәсімі/
Рәсім туралы түсінік беріліп өтеді
Әжесі: Ал енді нағашы апасы немереңізді бесікке бөлеуді өзіңізге тапсырайын!

Бесікке салу рәсімі туралы түсіндіріп кетеді
Әжесі: Ал енді нағашы апасы немереңізді бесікке бөлеп бесік жырын айтыңыз! Бесік жыры қосылады
Салт орындалып біткенде әжесі:
Енді Ажарымыздың қырқынан шығару рәсіміне жиналайық деп, рәсімге қатысқандарға, орамал тон болмайды, жол болады деп сыйлықтарын таратады.
Әжесі: Тойымызды бастамас бұрын Нағашы жағынан бір қонақ кәде сұрайық!
Ән орындалады: Мағжан Ақерке,«Көзіңнің мөлдірін — ай»
Бесік құда
Құдағи: Амансыздарма! Немерелі болып жатыр екенсіздер, Құтты болсын!!
Әжесі: Иә, рахмет. Төрлет, төрлет қарақтарым.
Құдағи: Біздің келу себебіміз қазақ дәстүрі бойынша бесік құда деген бар. Сіздерде қыз бар бізде ұл бар дегендей….
Үлкен келін: Бұл көрші ауылдың үлгілі отбасыларының бірі. Бұл кісілерде де қуаныш бар, ұлды болды!!
Әжесі: Иә, жөн жөн…..
Құдағи: Құдалықтың бір белгісі ретінде үкі тағып кетейін, ал мына сырғаны кішкене өсіп — жүгіргенде құлағына тағарсыздар!!
Жүргізуші: түсіндірме «Бесік құда» салты
Әжесі: Бәрекелді, тойымыз тойға ұласып жатыр күмберлетші қане домбыраңды құдаша қыз!
Ән: Дәулетбекова Айерке «Ақтамберді толғауы»
Сахнадан бәрі шығып кетеді
Жүргізуші: тұсау кесу туралы түсінік беру
Сахнада атасы мен әжесі, қонақтар отыр.
Қазақ халқының салт — дәстүрі «Балаға ат қою», бесікке бөлеу, тұсау кесу, сәукеле кигізу. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!