Қол жұмысына арналған құрал — жабдықтармен танысу. Қол тігістерінің түрлерін орындау

0

Сабақ тақырыбы: Қол жұмысына арналған құрал — жабдықтармен танысу. Қол тігістерінің түрлерін орындау.
Сабақ мақсаты: 1. Қол жұмыстарына арналған құрал — жабдықтармен таныстыру. Қол тігістің түрлеріне тоқталып, тігіп үйрену.
2. жұмыс барысында оқушылардың шеберлігін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
3. Өз бетімен жұмыс жасауға бір — біріне көмектесуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сызбалар, кестелер, суреттер.
Сабақтың түрлері: аралас
Керекті құрал — жабдықтар: оқулық, дәптер, ине — жіп
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Іс машинасының бөліктерін ата.
2. Еңбек қауіпсіздігінің ережесі
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда қол жұмысын орындайтын болғандықтан еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қолдарыңдағы қағазға мына белгілерді салыңыздар.
— Қайшы еңбек құралы
— Қорапта қанша ине бар?
— Инені ауызға салуға бола ма?
Дұрыс жауап –
Белгісіз жауап -?
Дұрыс емес жауап — Ж

Енді қағазымызды кейін қарай айналдырайық. Қандай жазу шықты. ЖІП
Сөз жұмбақ «Тігіс»
1. Ұлттық бас киім.
2. Тоқу құралы
3. Кесте тігуге арналған құрал
4. Оймақ неден жасалады?
5. Мата түрі
Бүгінгі сабағымызда тігістің түрлеріне тоқталайық. Құрал жабдықтарға тоқталу жеке — жеке таныстыру (сызба арқылы). Тегістердің қандай жерде қолданылатынын айту.
Жұмыстың реті
1. Инені сабақтау реті
2. Көктеу тігісін орындау
3. 2 — ші тігіс түрін орындау
Оқушылардың жұмысын қадағалау. Тігіс сапасын тексеру
Сергіту сәті. Жалғасын тап.
1. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың…………… (жаны)
2. Батыр адам қорқақты сүймес,
Шебер адам…………….. (олақты сүймес)

Бекіту сұрақтары:
1. Қол тігістерінің түрлерін ата.
2. Көктеу тігісі қандай жерлерде қолданылады?
3. Айқас тігіс қандай тігіске жатады?
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма: торлау тігісін орындау.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!