Сүт және сүт өнімдері, ұлттық сүт тағамдары, технологиядан сабақ жоспары

0

Технология пәні мұғалімі Жанар Бекбаева

Тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері

Мақсаты: Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру;
Дамытушылығы: Халқымыздың ұлттық сүт тағамдарының жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, тапсырмаларды орындау кезінде топтасып, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Тәрбиелігі: Ұлттық салт — дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық сүт тағамдарының қасиетін ұғындыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі — суретті, практикалық, топтық, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Мұғалімнің сөзі Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білсе, оны топтастыру арқылы қағаз бетіне түсіру. Оқушы ойындағыны тоқтаусыз, шектемей, жаза береді, ол үшін уақыт беріледі(7 минут). Оқушылар жазғандарын оқиды, жинақтайды. Төрт түлік малдың суреті, бүктемені пайдалану

Жұмбақ шешу
Біздің ата – бабаларымыз малдың қадірін білген. Халқымыз мал өсіруді, мал өнімдерін пайдалануды шебер меңгерген. Төрт түлік малдан әр түрлі сүт өндіріледі. Түйеден – шұбат, биеден – қымыз, сиырдан – сүт, қойдан – қоймалжың, ешкіден – сүт. Сүт – ең жұғымды тағамдардың бірі. Ламық сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды. Сүт сонымен қатар денсаулыққа пайдалы. Көптеген ауруларға ем. Өйткені сүтте көптеген дәрумендер бар. Сүттің құрамында: сүт су, сүт қышқылы, белок, сүт қанты, минералды тұздар және майдан тұрады. Сүт құрамында он екі түрлі A, B, C, D дәрумендер, екі жүзден аса органикалық минералды қосылыстар бар. Жылқының қымызы, түйенің шұбаты, қой, ешкі, сиырдың айраны мен құрты тамақ пен сусын ғана емес, денсаулыққа пайдасы бар дәрілік қасиеттері де бар тағамдар. Асқазан, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына пайдалы. Қазіргі өндіріс салаларында сүттен дайындалатын өнімдер өте көп. Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.

III. «Суретті жұмбақ» Топқа бөлу. Әр топ жетекшісі бір суреттен алады, сол сурет бойынша өз ойларын айтады.

IY. Миға шабуыл. Сұрақтарға жауап беру.
1. Ұлттық тағамдарды ата?
2. Cүт тағамдары. Қымыз қандай тағам? Қауіпсіздік ережелерін ата?- Тамақтану мәдениеті деген не? Құймақ ұлттық тағамға жата ма? Ұлттық салқын сусындарды ата? Макарон өнімдерін ата?

Y. Ас тағамдарына байланысты ырымдар. Жерге төгілген ақты (сүт, айран, т. б) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді.
2. Сауылған сүттің бетін ашық қоймайды.
3. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
4. Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгіп тастауға болмайды.
5. Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды, құты кетіп қалады.
6. Түнде тамақтың бетін жауып қояды.
7. Қол жумай ақты ішпейді

YI. Сөздік диктант. «Ас — адамның арқауы» Шығарма жазу.
Білімдерін тексеру. Жеке жұмыс. Тест.

1 Көкөністердің қай түрінен крахмал алынады?
а) сәбіз б) картоп
2 Бутербродқа көкөністі қалай пайдаланамыз?
а) шикі күйінде б) піскен күйінде
3 Бұл тағамның қайсысы адам денсаулығына пайдалы?
а) бауырсақ б) шубат
4. Қай түліктің сүті шайға қатылмайды?

а) жылқы б) сиыр
5. Малдың сүтін қайда сақтайды?
а) салқын жерге б) жылы жерге

6. Уыз неден жасалады?
а) ашыған сүттен б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтіне
7. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?
а) түйе сүтінен б) биенің сүтінен
YII. Қорытынды жасаңыз. Сүт және сүт тағамдарының өзге тағамдардан өзгешелігі жайлы әңгімеле. Сабақты қорытындылау, пысықтау.
Бағалау.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!