Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған отбасының ісіне қатысты тың дерек шықты
Алты жыл бұрын болған «отбасылық» кісі өлтіру ісі сотқа жолданды
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Келесі аптада Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында «отбасылық» кісі өлтіру және бопсалау ісін қарау басталады, деп хабарлады azh.kz.
Осыдан тура бір жыл бұрын Атыраудағы жеке үйлердің бірінде 6 жыл бұрын болған «отбасылық» кісі өлтіру оқиғасы жария етілді, оған қылмысқа қатысушылардың бірі серіктесін бопсалауы себеп болды.
2012 жылы 48 жастағы әйел күйеуіне ұйықтататын дәрі беріп, жастықпен тұншықтырып өлтірген, содан кейін үлкен қызы мен жиенінің көмегімен денесін бөлшектеп, оны үйдің ауласына көміп, кейінірек ол жерге тауыққора салып тастайды.
Ол кезде қанды қылмыс туралы ешкім білмеді – туыстары отағасы қандай-да бір діни сектаға кіріп, үйден кетіп қалды деген сыбыс таратады. Бірақ бірнеше жылдан кейін жиен әйелден ақша талап ете бастайды, бермесең полицияға бәрін айтып беремін деп қорқытқан. Әйел туысына бопсалады деп арыз жазған. Жиен ұсталған соң полицияға шындықты жайып салған.
Кісі өлтіру және бопсалау ісі қаралды. Жиен «Бопсалау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, «өз кінәсін толық мойындап, өкінгені» және «аса ауыр қылмысты ашуға белсенді көмек көрсеткені» ескеріліп, шартты түрде бес жылға сотталды.
Кісі өлтіру ісіне келек, ол осы жылдың сәуір айында сотқа жолданды, бірақ судья ҚР Қылмыстық-поцестік кодексі бойынша бірнеше заң бұзушылықты анықтап, істі прокуратураға қайтарды. Тамыздың соңында ол тағы да сотқа түсті, сотқа дейінгі тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтардың жойылғаны анықталды. Айтпақшы, марқұмның жұбайы ғана айыпталушы ретінде қаралмақ – қызы мен жиені куәгер ретінде қатысады.
sputniknews.kz