дәмхана қожайыны адамдарды құлдықта ұстаған
Қысқа сілтеме алу
Оқиға Меңдіқара ауданындағы жол бойындағы дәмханада болған
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қостанай облысындағы дәмхана қожайынына қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Оған қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеп, ер адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Тұрғындардың жағасын ұстатқан оқиға Меңдіқара ауданындағы жол бойындағы дәмханада 2016 жылы болыпты. Ондағы жұмысшылардың бірі ұзақ уақыт құлдықта болған көрінеді. Оны шынжырға байлап ұстаған, кейін ер адам қайтыс болды.
Көз жұмған ер адамның туыстары оны із-түссіз жоғалып кетті деп санапты.
Іс-түссіз жоғалып кеткен ер адамды іздеген полицейлер ауылда адам шошырлық қылмыстың болғанын анықтады.
Тағы оқыңыз: Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді — видео
Кафе қожайыны ондағы қызметкерлерді құлдықта ұстап, қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген. Мұны журналистерге «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк айтып берді.
«Қыздарды «қызмет көрсетуге» мәжбүрлеген. Олар тегін жұмыс істеген. Тіпті, олардың атына кредит те алған. Бұл адам Меңдіқара ауданында көптеген адамды пайдаланған. Алайда олардың басым бөлігі мұны айтуға қорқады», — дейді ол.
Полиция қызметі дәмханадағы жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
sputniknews.kz