Назарбаев зиялы қауымға неге шүйлікті?
Қысқа сілтеме алу
Елордада Назарбаев пен Тоқаевтың қатысумен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің рухани дамуына зиялы қауым өкілдерін тарту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Зиялы қауым дегеніміз, отырып алып, «мен зиялы қауыммен, мен жазушымын, мен композитормын» деп, тек қана сынауы керек пе?! Зиялы қауым халықтың алдында жүретін, жол көрсететін бастаушысы болуы керек, Әрқашан солай болған», — деді Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Ол «Мирас» қоғамдық кеңесінің әлеуетін пайданалып, зиялы қауымды рухани дамуға қатысты мәселелерді шешуге жұмылдыру қажет екенін атап өтті.
«Біздікілер жылы орында отырып алып, «анау дұрыс емес, мынау жаман» деп сынайды да жатады. Жақсы болуы үшін сен өзің не бітірдің? Тек талап етуді ғана білесің бе?! Сондықтан олармен жұмыс істеу керек», — деп қадап айтты Назарбаев.
©
Sputnik / Стрингер.
Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы
Айта кетсек, бүгін елордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға үкімет мүшелері, партияның мәжілістегі фракциясы мен облыс әкімдері қатысты.
sputniknews.kz