Халал ет онкологиялық дерттің алдын алады — Қазақстандағы Ислам
Астана. 22 қараша. KAZISLAM – Ислам және иудей қағидалары бойынша бауыздалған мал еттерін ас-тамаққа пайдалану онкологиялық аурулардың алдын алады. France 2 француз телеарнасына берген сұхбатында белгілі онколог, профессор Давид Хайят осындай мәлімдеме жасады.
Профессордың пайымдауынша, қаны сарқылмаған ет бірқатар қауіпті дерттердің тууына себепші болады. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар да бар. Ет құрамындағы қан өз кезегінде гемоглобинді болады. Гемоглобинде темір молекулалары бар.
Ал ислам және иудей ғұрыптары бойынша мал сойғанда қанын ағызу еттің улылығын төмендетеді. Ғалымдар мұсылман және еврейлер дәстүрлерінде аурулардың алдын алу әуелден қарастырылған деген тұжырым жасап отыр.