Биатлоннан Қазақстан құрамасының 9 спортшысы жарыстардан шеттетілді

0
Галина Вишневская
Галина Вишневская. Фото: Zimbio.com

Биатлоншылардың халықаралық одағы (IBU) Қазақстан биатлоншылар одағына допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін тоғыз спортшының жарыстардан уақытша шеттетілгенін хабарлады.

Санкцияға іліккен спортшылар – Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Усанова, Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Ян Савицкий, Максим Браун, Антон Пантов және Василий Подкорытов.

IBU Қазақстан биатлоншыларын уақытша шеттету туралы шешімді Австрия мен Италияда тиісті тергеу жүргізілуіне байланысты қабылдап отыр. Шешім бірден күшіне енеді және тергеу аяқталғанша өзгермейді, дегенмен спортшылар оған қатысты шағымдана алады.

Айта кету керек, Қазақстан биатлоншылары әлем кубогына қатысқалы отыр еді. Кубок Словенияда 2 желтоқсанда басталады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!