Боксшы жекпе-жектен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілді
Қысқа сілтеме алу
Бірінші жартылай орта салмақта бокстасатын спортшы кездесуді 11-раундта тоқтатуға мәжбүр болған
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Ресейлік боксшы Максим Дадашев пуэрторикалық Субриэль Матиаспен өткізген жекпе-жегінен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды fightnews.com.
Американың Оксон Хилл қаласында өткен кездесуде Матиас жеңіске жеткен болатын. 11-раундтан кейін 28 жастағы ресейлік спортшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Кездесуден кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскен. Есінен танған спортшы ауруханаға жеткізілді. Сайттың мәліметіне сәйкес, ресейлік боксшының миы ісіп кеткен.
ESPN тілшісі Стив Ким өзінің Twitter-дегі парақшасында Дадашевке екі сағаттық ота жасалғанын хабарлады. Жағдайы ауыр.
Тағы оқыңыз: Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
Бұл – Дадашевтің карьерасындағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін ресейлік боксшы 13 кездесудің 11-ін нокаутпен аяқтаған.
sputniknews.kz