Қарағанды облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысты
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты.
Фото: ҚР ІІМ ТЖК
13:20 21.11.2018
Апат туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.
«21 қараша күні таңертеңгі сағат 8-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 982 шақырымында «Қушоқы ауылы-Қарағанды» бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты», — деді ол.
Автобус салонында 45 адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қарағанды облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағындағылар мен медициналық апаттар орталығының қызметкерлері қысылып қалған екі автобусты алып шықты. Оқиға орнында 1990 жылғы жолаушы қайтыс болып, 9 адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендер Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді.