Қар, боран, жаңбыр. Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты — Ел жаңалықтары

0

Синоптиктер 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорны жариялаған мәліметтер бойынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, сулы қарға ұласады.

«Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел мен көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың өтуі кезінде байқалатын болады», — деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында да жауын-шашынды болады. Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар күтіліп, 24 қарашада таулы аймақтарда қар қалың түсіп, тұман, көктайғақ болып, батыс бағыттан екпінді жел соғады.