Отырыңыз, баяндамаңыз күдік туғызады – Тоқаев кімге шүйлікті?
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент транзиттен түсетін табыс туралы сұраған
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министр Скляр келтірген деректерге күдікпен қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент транзиттен түсетін табыс мәселесіне тоқталды.
«Келесі жылы транзиттен 5 миллиард доллар табыс таба аламыз дейміз. Біз ол жайында барлық конференция мен форумда айтамыз. Осы жоспарды орындай аламыз ба?», — деп сұрады Тоқаев.
Тағы оқыңыз: Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, өткен жылы барлық көлік түрі бойынша транзиттен 1 миллиард 700 миллион доллар түскен болатын.
«Ал биыл осы көрсеткіш 2 миллиард 400 миллион доллар болады деген жоспар бар. Ал келесі жылы 3 миллиард 300 миллион болады. Негізгі себеп — сыртқы санкциялардың кесірінен Иранға және Кавказ арқылы Түркияға баратын тасымалдың төмендеуі. Есесіне электронды коммерцияның көлемі өсіп келеді. 2025 жылы оның көрсеткіші шамамен 3,5 миллиард долларға жетеді. Сондықтан транзиттің табысын Қытайдан Еуропаға жіберілетін сәлемдемелердің есебінен өтейтін боламыз», — деп Скляр мәлімет берді.
Тағы оқыңыз: Тоқаев халықты жиі мазалайтын мәселені шешуді тапсырды
Алайда Тоқаев министрдің жауабына қанағаттанған жоқ.
«Отырыңыз, сіздің баяндамаңыз үлкен күдік туғызады. Тексеру керек», — деді Тоқаев.
sputniknews.kz