Шығарма: Менің сүйікті ұстазым — Сейтова Гүлбану Төлегенқызы | шығарма Менің сүйікті ұстазым — Сейтова Гүлбану Төлегенқызы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе Менің сүйікті ұстазым — Сейтова Гүлбану Төлегенқызы сочинение на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Менің сүйікті ұстазым — Сейтова Гүлбану Төлегенқызы жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің сүйікті ұстазым

0

Адам мағыналы өмір сүруі үшін тұла бойы асқан асыл қасиеттер мен көркем мінезбен көмкерілуі керек. Бүгінгі адамзат баласына қалған қаншама мұраларды ақтарсақ, барлық қарекет қарым-қатынастан, ал ара-қатынас мінездің асылына байланыстығын көрсетеді.

Міне , мәселелнің келіп тірелген түйіні мінез -құлық.

Өткен күндерді сөйлетсек бәрімізде мектеп табалдырығын аттағанымызда бір–бір үйдің тентегі, сотқары, еркесі едік. Сол балдырған шақтан шатақтығымыз бен шорқақтығымызды бәсеңдетіп, адами қасиеттерімізді молайтқан бір мейірім иесі бар. Өз ішін жарып шықпаса да, алдына келгендерге білгенін баяндап, санасына білім құяды. Туыс-туғаны болмаса да, ізгі ниетімен ілтипат білдіреді. Бар жүрегімен мерей шуағын бөліп, айналасына нұр шапағын себелейтін сүйікті жан. Әрине ол жандар – ұстаздар қауымы.

Жалпы «Менің Сүйікті ұстазым» дегенде есіме мектептегі ардақтылар емес, қазақтың аға ұстаздары түседі. Бұлай болуы менің халық данасы, ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсынұлы атына берілген ауданымыздағы жалғыз гимназияда білім алуыммен тығыз байланысты. Әлбетте, ұстаздық Ахмет атамыздан емес, ең алғаш Аристотельден және кеуде кере айтатын «әлемнің екінші ұстазы» Әл-Фарабиден бастау алады. Мақтануымның алғы себебі «әлемнің екінші ұстазының» қазақтың меншігі болған жерде туып, өскені. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген Әл-Фараби білімді еш уақыт көпсінбеген. Және өз білгенін шәкірттерімен бөліскеннен ләззат алатын болған. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырған ғұлама бүгінгі ұстастарға ұлы жол ашқандай.

Сол ұлылар салған сара жолдың бүгінгі жолаушылары менің өмірімде үлкен рөл атқарады. Мен үшін аядай мектебімнің аяулы ұстаздарының бәріде «сүйікті . Ал мен үшін ыстығы — Гүлбану Төлегенқызы. Ұстаз болғандықтан ең алдымен дәріс беру бағытын баяндарым һақ, алайда, кейінірек.

Ал қазіргі қозғарым жеке тұлға ретінде сараптау. Сабағынан бөлек, ол жанның түр-сұлбасы, сырт келбетінен-ақ мәдени дәріс алуға болады. Нақты, орамды айтылған оқ сөздері қазақ тілінің хас маманы екендігін дәлелдейтіндей

Өлең жолдары…

Ол өзінше жеке бір ғаламат . Алғаш рет ұстазым сабақ беріп көркемсөзді көркін келтіре , ырғағына салып , өлең өрісіне әкеліп ілестіріп жібергенде , музаға ғашық пәк жүрегім мен әдебиет арасында алтыннан көпір қаланғандай Мені өзіне тағы ғашық қылғаны — сөздегі әр әріпті сауатты түрде дыбысқа айналдыра алуы , күрделі құрамдағы сөздерді қиындықсыз , кідіріссіз айта білу қабілеттілігі.

Және ең бастысы алғаш рет осы мұғаліммен шығамашылық байқауларға шыға бастадым. Әрі ақындық өнерімнің бір ұшын көріп , жарыққа шығуына себепкер де болды . Осылайша әр жаңа ісімнің бастамасында жанымнан табылған жан менің жүрегімнен ойып тұрып орын алды .

Болатын әр сабағын , түстен кейінгі қосымша дәрістерін , сабақтан тыс болатын іс-шараларын асыға күтетін болдым . Мұғалімге деген махаббатың болатынына алғаш көзімді жеткізген жанға айтар алғысым шексіз .

Қазіргі таңда , өкінішке орай , мектеп бағдарламасы аясында менің сыныбыма дәріс оқымайтын болды . Әйтседе , бүгіндері апайымның алдына тек оқу жөнінде емес , өз өмірімдегі азын-аулақ мәселелердің шешімі үшін де барып тұрамын . Барғаным үшін еш уақытта өкінген емеспін. Керісінше , сол мәселемен өмірімнің мәні кіргенін ұтырып , тағдырға деген талпынысымды тасытанын . келешегім үшін жасап жатқан жұмыстардың ілгерілеуіне ат салысатын бірден-бір тұлғам . Қоғамдаы зиянды заттармен бірге адасушылыққа бет бұрсам бой түзейтін бағдаршамым , бас түзейтін құбылам.

Сөз басында қозғаған адам мінез – құлқы мен адами қасиеттерімізге де жауапты болған ұстаздардың істері тым ауыр . ол дегеніміз , болашақ қазақ елінің тағдырына жауапты жастарың барлық жағынан қабілеттілігін ұстазға сене табыс еткеніміз . Осы орайда мына мақал менің ойыма оң жамбасымен түсіп , орайы келіп тұр екен .

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ .

Адамзат асылы бас иетін Құран да, қазақты қазақ еткен азаматтар да , барлық маман исі де ұстаз қауымына бас иіп , оның тағылымына табынған . Және бүгінгі биліктегі , биіктегі жандардың осы дәрежесін тағы сол ұстаздардың маңдайынан шыпшыған тердің ағуымен өлшеуге болады дей аламын.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!