14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Синоптиктердің болжамынша, елдің батысында жаңбыр жауып, қатты жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында аптап ыстық болады, кей жерлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.  

Мегаполистердегі ауа райы

14 шілде, жексенбі күні Нұр-Сұлтанда күн ашық, 31 градусқа дейін ысиды.

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, секундына 10 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.

Шымкентте де күн ашық, сынап бағанасы 37-38 градусты көрсетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жел соғады, шаңды дауыл көтеріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 14 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

Батыс Қазақстан облысында дауыл соғады, жел күшейеді деп болжануда, бұршақ түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды, күндіз Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: 1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

Дабылды ескерту

Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі.

Ақмола облысының басым аумағында 35-38 градус ыстық сақталады.

Қарағанды облысында күндіз кейбір жерлерде күн 40 градусқа дейін ысиды. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 15-20 м/с жел соғады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз