Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: «Ақжонда» 19 жастағы шекарашы көз жұмды — новости Казахстана
Қайғылы жағдай Өскемен қаласындағы заставада болған. 19 жастағы шекарашы Әлихан Қожагелдиев шекараны күзетіп тұрғанда қару-жарақтың бөлшегін жоғалтып алыпты. Не істерін білмеген ол өз-өзін атуға бел буған деп хабарлайды 31 арна.
Сол күні марқұм өз серігі Артем Дереглазовпен бірге шекараға атпен тексеру жүргізіпті. Тексеріс барысында қатардағы жауынгер Әлихан Қожагелдиев атыс қаруының бөлшегін- үрлемелі тежегішті жоғалтып алып, бірден іздей бастаған.
Артынша ол бұл туралы өз серігі, шекара нарядының аға қызметкері Дереглазовқа айтқан. Ал Артем мерзімді сарбазға көмектесіп, қару бөлшегін бірге іздестіріпті. Алайда олар қанша күш салғанымен, қару бөлшегін таба алмаған.
Амалы қалмаған Әлихан Қожагелдиев өз кеудесіне екі рет оқ атыпты. Серіктесінің сөзінше, ол өз ісі үшін тағайындалатын жазадан қатты қорыққан екен.
Ал марқұм сарбаздың анасы бұл жағдайға сенбейді. Ол жанұясы сенім артып отырған ұлының ешқашан өзіне қол жұмсамайтынын айтты. Сондай-ақ, ол Әлиханның өте ақылды жігіт болғанын жеткізді.
Әлихан Қожагелдиев колледжді үздік бітіріп, университетке бюджеттік негізде оқуға түскен.
Қазір сол күні болған оқиғаларды анықтайтын тергеу жұмыстары басталды. Марқұмның серіктесі Артем Дереглазов жолдасын өз-өзін өлтіруге дейін апарған деп күдіктелуде.
Үрлемелі тежегіш шекарашы өлімінен соң меттал іздегіш арқылы табылды.
Дереккөз: 31 арна