24 баланы өмірге әкелген жетісайлық батыр ана туралы білесіз бе?

0

Түркістан облысы Жетісай ауданының Қараөзек елді мекенінде 24 баланы дүниеге алып келген батыр ана тұрады. Сапаргүл Әбутәліпова бүгінде балаларынан 60-қа тарта немере, он шақты шөбере сүйіп отыр деп жазады ERNUR.KZ.

Сапаргүл Әбутәліпова. Фото: ernur.kz

Сапаргүл Әбутәліпова. Фото: ernur.kz

1947 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген әжей жары Жоламанмен бірге совхоздың малын баққан.

Сапаргүл Әбутәліпова «Батыр ана» медалін тек 17-ші баласын дүниеге алып келгенде алған.

Сапаргүл Әбутәліпова. Фото: ernur.kz

Сапаргүл Әбутәліпова. Фото: ernur.kz

«1970-жылдан бері қарай мал шаруашылығымен айналысам. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істегем. Біреуіміз далада, біреуіміз үйде. Сөйтіп жүріп 24 перзентті дүниеге әкелдім», — дейді батыр ана.

Айта кетейік, 24 перзентті өмірге алып келген Сапаргүл Әбутәліпова еңбегі мен денсаулығы жергілікті әкімдік тарапынан көп жағдайда ескеріле бермейтіндігін мәлім еткен.

Тіпті алтын құрсақты ана 2011 жылдан бері мемлекеттік баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін де жасырмады.

Сапаргүл Әбутәліпова. Фото: ernur.kz

Сапаргүл Әбутәліпова. Фото: ernur.kz