2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін өткізу қажет

0

2018 жылғы 21 қараша 09:30 75

2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін өткізу қажет - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында осы мәселені атап өтті.

«Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды», – деп атап өтеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажеттігіне назар аудартады.

«Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын саналады», – деп жазады Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланған болатын. Сондай-ақ Президент «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты энциклопедиялық саябақ ашуды ұсынды. Сонымен бірге «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажеттігін атап өтті. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз