Павлодар облысында үш ауылдың атауы өзгереді

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Барлығы үш ауыл мен бір ауданның атауы қазақшаланады

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Павлодар облысындағы ауылдардың атауы өзгереді. Облыс әкімі Болат Бақауовтың тиісті қаулысы электронды үкімет сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округке қарасты Путь Ильича ауылының атауы Еңбек болып өзгертіледі. Ал Саты ауылдық округінің Қызыл-Октябрь кенті Абай ауылы деп аталатын болады.

Ал Павлодар ауданының Красноармейка ауылы Кемеңгер атауын алса, Красноармейский ауылдық округі де Кемеңгер болып өзгертіледі.

Хабарланғандай, елді мекендердің жаңа атаулары жергілікті тұрғындармен келісілген.

 



sputniknews.kz