Көктем аруы » Қазақстан ұстаздарына арналған
Бабиева Дана Кайратовна
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Біліктілігі: Тәрбиеші
Жұмыс орны: ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылы, Теректі ауылының балалар бақшасы.
Тақырыбы: Көктем аруы
Мақсаты: Ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту арқылы мерекелік шараларға тарту. Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, үлкенді сыйлауға, баланың ең асыл ардақты адамы – ананы қадірлей білуге тәрбиелеу.
1-Жүргізуші:
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
2-Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! «Айгөлек» тобының «Көктем аруы — 2015» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші:
Теректі балабақшасы шуақ шашар жырымен,
Мың бұрала, құлпырар қыздарымен.
Салт-дәстүрді сақтайық, той-думанда,
Өткізейік сайысты «Көктем аруы – 2015 жылымен»
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойында жарасқан күлкі әдемі,
Бір көргенде болмай-ақ, тек сахнада
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі, — демекші сайысқа қатысушы ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.
1.Жанары өткір, жүзі бал-бұл жанған, шымыр қызымыз – Адильбекова Еңлік
- Биязы, жаны нәзік қызымыз – Нұрланқызы Әдемі
3.Сөзі өткір, өзі пысық, сұлу қызымыз – Амангелдинова Айназ
4.Сөзі сыпайы, өзі әдепті, сүйкімді қызымыз – Манарбекова Айтолқын
- Баппен сөйлейтін, тілге шешен сұлу қызымыз – Қыстаубаева Ботагөз
6.Сөзі салмақты, білімді қызымыз – Ауелбекова Самал
- Би десе алдына жан салмайтын сұлу қызымыз – Бақытбекова Айғаным
8.Ісі тиянақты, он саусағынан өнер тамған сүйкімді қызымыз – Теміралова Айым
9.Инабатты, әдепті, жаны нәзік қызымыз – Берыханова Наргиз
10.Сыпайы, сүйкімді, сұлу қызымыз – Муратпекова Малика
- Жарқыраған жұлдыздай, анасының ерке қызы – Болатбек Жұлдыз
- Сұңғақ бойлы, сұлу қызымыз – Сайрамхан Айсымбат
13.Парасатты, ақылды қызымыз – Табыс Нұрсауле
14.Сымбатты, инабатты, сұлу қызымыз – Тоқтасын Гүлім
- Сөзі сыпайы, ақылды, сұлу қызымыз – Сарқытбекова Ақнұр
2-Жүргізуші:
Барлығыңыз тыңдаңыздар,
Өнерлерін сыйлаңыздар.
Алға шыққан қыздарға
Әділ баға сыйлаңыздар. Ал енді осы ару қыздарымыздың өнеріне баға беретін әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
1.Балабақша меңгерушісі — Тиленбаева Бахытгүл Көбенқызы
2.Күншуақ тобының тәрбиешісі — Секенева Бакыт Ауганбековна
- «Айгөлек» тобының ата-анасы — Маржан апай
1-Жүргізуші: Енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
- Өзін-өзі таныстыру
- «Ас – адамның арқауы» Қыздарымыздың үйден дайындап әкелген тағамдарына баға бересіздер.
- «Қыз – халықтың гүлі, өнер сауықтың — гүлі», — демекші қыздарымыздың әр түрлі жанрдағы өнерлерін тамашалайық.
- Соңғы түйенің жүгі ауыр демекші мың бұралған қыздарымыз қазақ халқының ұлттық киімін киген сән үлгісін көрсетеді.
- «Ақылды мыңды жығар, білімді мыңды жығар», — демекші ару қыздарымызға әр түрлі логикалық сұрақтар қойылады.
2-Жүргізуші:
Өнер қуып аруларымыз өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін
Жарысқа түскен қыздар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін, — демекші 1-сайысымыз «Өзін-өзі таныстыруға» кезек берейік. (Арулар өздерін таныстырады да, келесі сайысқа дайындала береді.)
1-САЙЫС: Өзін-өзі таныстыру
Еңлік:
Армысың өнер сүйер халқым менің,
Сәлем берем ата-баба салтыменен.
Өзімді таныстырсам ізгілікпен
Аділбек – тегім, Еңлік атым менің.
Орта жүз, Қабанбайдың ұрпағымын,
Жәлменбет, Есембайдың бір талымын.
Ата-анамның үмітін ақтайтындай
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Әдемі:
Асқар таудай әкешім
Қамқорсың бізге панасың.
Балдай тәтті Балымым
Сіңілім өзің ғанасың.
Ақ сүт беріп асырап,
Мәпеледің анашым.
Дәл мен үшін бір өзің
Ақылы көп данасың.
Айназ:
Атым Айназ, Амангелді тегімін,
Гүлі болам туып өскен жерімнің,
Әкем – Бақыт, Гүлнурдай анам бар,
Бәрі мен ойлап алаңдар.
Самал:
Сәлем бердім сіздерге
Сәлемін қабыл алыңыз
Самал деген баланың
Осы күнге сақтаған.
Тақпағым бар жаттаған.
Ән де айта аламын,
Би де билей аламын.
Өзім жап-жас болсамда
Таудай үлкен талабым.
Өнерімді көріңіз
Кқріп баға беріңіз.
Айғаным:
Бұзылмасын елім қаймағым
Жауқазындай жайнадым.
Алдарыңда тұрған өнерлі
Ержанқызы Айғаным.
Айым:
Таныстырсам өзімді Маратқызы Айыммын,
Орта жүздің Найман атты руынан
Бабамыз Жақау ұрпағымын
Бүлдіршін аруына қатысуға дайынмын.
Наргиз:
Таныстырсам өзімді
Талғатқызы Наргизбын
Ата-ананың еркесі
Жарқыраған жұлдызбын
Ата-анам менің тірегім
Қалқаман болар сүйегім
Марқаның ерке қызымын
Отан деп соғар жүрегім.
Малика:
Таныстырсам өзімді
Атым менің Малика.
Кішкентаймын мен әлі,
Жұрттың бәрі тани ма?
Болат атты әкем бар,
Еркелетер күнім деп.
Альмира деген анам бар
Мәпелетер гүлім деп.
Айсымбат:
Мен Айсымбат ақырған барыс жылымын,
Сайрамханның 4 жастағы қызымын.
Ішіп өстім Марқакөлдің тұнығын
Үйренемін жер әлемнің ғылымын.
Гүлім:
Анам мені «Гүлім» дейді,
Еркелетіп күнім дейді.
Әкем мені аялайды
Еш нәрсені аямайды.
Жарқырап тұр маңдайым,
Тақылдап тұр таңдайым.
Тоқтасынқызы Гүліммін
Қараңдаршы қандаймын.
1-Жүргізуші: 2-САЙЫС: «Ас – адамның арқауы». Қыздарымыздың үйден дайындап әкелген тағамдарына баға беріңіздер.
2-Жүргізуші:
Әнші, биші балалар,
Әртістердей болдыңдар.
Көрсетіп бар өнерді
Таңқалдырып тұрыңдар, — демекші «Айгөлек» тобындағы ұлдардың орындауында «Ырғақты биді» тамашалаңыздар. (Адир, Тимур, Әділжан, Айдос, Бибарыс).
1-Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ ән салыпты, — демекші келесі сайысымыз «Қыз – халықтың гүлі, өнер сауықтың — гүлі», — демекші қыздарымыздың әр түрлі жанрдағы өнерлерін тамашалайық.
3-САЙЫС: Өз өнерін көрсету
Адильбекова Еңлікті ортаға шақырамыз. Еңліктің орындауында «Ескендір» поэмасынан үзінді.
1-Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніміз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,
2-Жүргізуші:
Теңдесі жоқ данасың
Артқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайын
Аман болшы, анашым, — демекші Әдемі мен Айсымбаттың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Сенсің ана жан күші
Сендей болсын бар кісі
Сендей болса бар кісі
Шексіз перзент алғысы, — демекші Самалдың орындауында анасына арналған тақпағын қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Кім бар екен сұлу қызды сүймеген
Бишілеріміз бар ырғақты биін билеген, — демекші Ботагөз бен Айғанымның орындауында «Шип-шип» әніне ырғақты биді ұсынамыз. Қол соғып қошемет көрсетейік.
1-Жүргізуші:
Балаларды көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейді қуана, — демекші Айымның орындауында ырғақты би «Попурри»
1-Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, — демекші Жұлдыз бен Айназдың орындауында «Біз бақытты баламыз», — әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Бүгін бәрі ерекше
Бишілерде өнер көп.
Ырғақты би билейді
Ортамызда ұлдар көп, — демекші «Айгөлек» тобының орындауында ырғақты биді қабыл алыңыздар. Малика мен Наргиз, Али, Ернұр, Исмет, Ілияс.
1-Жүргізуші:
Бізде де бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсақ, бұйырсақ, — демекші Айтолқын мен Ақнұрдың орындауында «Кір қуыршақ» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Наурыз келді тамаша
Би билейміз таласа.
Әжем, анам той тойлап
Қуанып жүр балаша, — демекші Гүлімнің орындауында ырғақты биді қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Қара жорға болмаса бидің сәні келе ме, — демекші Нұрсауле мен анасының орындауында «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
2-Жүргізуші:
Ойын: Қолдарынан ұстап таны.
Барысы: Ойынға 4 ата-ана (ұлдардың ата-аналары) қатысады. Ата-аналардың көздері байлаулы болады да, өздерінің балаларын қолдарынан ұстап тану керек.
1-Жүргізуші:
Анам менің күн көзіндей шуақты
Даладай кең таулы қуатты.
Дүниедегі жақсылықтың барлығы
Жан анадан тарап жатқан сияқты, — демекші бүгінгі мерекемізге ән шашуын алып келген Абзалбеков Азаматтың орындауынды «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді
Түрлі-түсті сән көйлек
Көз тартады не керек.
2-Жүргізуші:
Гүл көктемнің ерекше аппақ нұрысың,
Қыздарымыз әдемі әсем гүлісің.
Жарасымды балаға, бүгінгі күн,
Ұсынамыз жаңаша сән үлгісін — демекші мың бұралған қыздарымыз қазақ халқының ұлттық киімін киген сән үлгісін тамашалайық.
4-САЙЫС: Сән үлгісі.
1-Жүргізуші:
Бәрекелді қошемет сайыскерлерге,
Жер үстінде адам өмір өткізер.
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алынар, — демекші 5-САЙЫСЫМЫЗДА ару қыздарымызға әр түрлі логикалық сұрақтар қойылады.
2-Жүргізуші:
1.Орманда шөлдеп келе жатып, шұңқырға өзі секіріп түседі. Бұл қай ертегіден үзінді? Түлкі мен ешкі
2.Бағдаршамда неше көз бар? 3
3.Көк туымызда ненің суреті бейнеленген? Күн, бүркіт,
- «…Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым» – бұл қай ертегі? Бауырсақ
5.Төрт санының алдында қай сан, артында қай сан? 3-5
- Бір сиырға неше пар аяқ-киім керек? 2 пар
7.ҚР президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
- Жұмбақ:Дәмі жоқ, түсі жоқ. Пайдаланбас кісі жоқ.Ол не? Су
9.Үй жануарларын ата. Қой, сиыр, түйе, жылқы, ешкі.
10.Неше рәмізіміз бар? 3 Ту, елтаңба, әнұран
11.Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем
12.Шөл даланың кемесі деп қай жануарды айтады? Түйе
13.Жұмбақ: Әрі тәтті, жеген жанды таңырқатты. Алма
- «Айгөлек» тобындағы тәрбиешілердің аты-жөні кім?
15.Дала аңдарын атап бер: аю, қоян, қасқыр, түлкі.
1-Жүргізуші:
Ана – біздің гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз,
2-Жүргізуші:
Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз баланың
Анаға айтар лебізі — демекші құрметті ата-аналар балаларыңыздың «Ана» туралы тақпақтары мен сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
ЕҢЛІК: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
ТИМУР: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
ЖҰЛДЫЗ: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
БИБАРЫС: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
АҚНҰР: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
АЙДОС: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
НҰРСАУЛЕ: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
АЙСЫМБАТ: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
ІЛИЯС: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
ӘДІЛЖАН: Мен анам мұғалім,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.
АЙНАЗ: Мен үшін не керек — бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
ГҮЛІМ: Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің — бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші, ақ мамам!
НАРГИЗ: Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
ӘДЕМІ: Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
ИСМЕТ: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
АЙҒАНЫМ: Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
АЙТОЛҚЫН: Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам!
САМАЛ: Өзіңсің өмірдегі бар ардағым
Жыр жаздым, тұңғыш саған, ән арнадым.
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді.
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.
ЕРНҰР: Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам
АЙЫМ: Анам мені Айым – дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені «Күнім» — дейді
Мен қуансам күлімдейді.
БОТАГӨЗ: Әлпештеген әжем қымбат
Қамқор болған анам қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Қөмектескен інім қымбат
Білім берген тәрбиешім қымбат.
АДИР: Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан!
ӘЛИ:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
МАЛИКА: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Жүргізуші:
Ұлтымыздың әр сөзі
Асып жатыр кәдеге
Қыздарымыздың сайысы
Келіп жетті мәреге, — демекші сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.
Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.
Жүргізуші:
Аналар ғой қуат берер тірлікке,
Алдарында сәби болып жүрдікте.
Аналар ғой жақсылыққа жетелеп
Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз тыныш, аналарымыз аман болсын! Осымен біздің «Көктем аруы — 2015» ертеңгілігіміз аяқталды.