Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады » Қазақстан ұстаздарына арналған
Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектеп
9 «Б» сынып, сынып жетекшісі: Журынова Фарида Темирхановна.
Сыныбы: 9 «Б»
Тақырыбы: «Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады»
Мақсаты:
Мақсаты:
- Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамымен құттықтап, аналарды құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту.
- Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Аналарды құрметтеу, қастерлеу, еңбегін бағалау.
Көрнекілігі: Мереке өтетін орын балалардың өз қолдарымен жасаған жалаушалармен түрлі-түсті гүлдер, шарлармен безендіріледі.
Қабырғаларда ана туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар:
(«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың!», «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды», «Ана — өмірдің тірегі», «Ана — өмір бастауы»)
Слайд: Сынып оқушыларының аналарымен бірге түскен сәттерінен
Барысы:
Ана, Ана, Ана!… не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз,
Аналар мерекесінің шығу тарихы туралы мәлімет: Жанеля. Индира; Елжас
(түрлі дерек көздерінен, презентация-слайдпен)
Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
ендігі кезекті «Гүл теру» ойыны.
Ойынның шарты: 2 – ана, 1 ұл, 1қыз қатысады. 1ұл бала жердегі гүлдерді жинап жүріп анаға деген жылы лебіз сөздерін айтып, гүлдер теріп береді. (белгілі уақыт бойынша) 1қыз баланың анасы қызына еркелетіп жылы сөздерін айтып, жерлегі гүлдерді жинайды.
Жүргізуші-Айгерім: ендігі кезекте бейнетаспаны тамашалайық.
Оқушылардың аналарына деген ыстық лебізін, тілегін, фото суреттерімен /звукозапись программасы / дыбыс жазу бағдарламасы арқылы жазылған бейнені фильмді интерактивті тақтадан тамашалайды.
Дыбыс жазу құралы арқылы оқушылар, аналарына жүрекжарды жылы лебіздерін, өлеңдерін, ақ тілектерін интерактивті тақтадан тамашалау.
Жүргізуші: «Анаға арнау» Мадина, Жанеля, Айгерім, Анеля; Лаура /Ана туралы шығармалардан үзінді оқу/
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Анаға туралы мақал-мәтелдерді толықтыру:
«Қуанышыңмен, АНА!» әнін сыныппен орындау
Қорытындылау.
РЕФЛЕКСИЯ: Ана- өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.