Баян Алагөзова: КешYou-де жанды дауыста ән айта алатын құрам болған емес

0

12 жылда құрам ауыстырудан рекорд орнатқан КешYou тобы жақында тағы жаңармақ. Баян Алагөзова топта ән салатын қыздарды таңдап қойған. Тіпті, бейнебаян түсіріп үлгерген. Таяуда клиппен бірге топтың да таныстырылымы өтпек.

 

Бұл туралы Hit-Tv арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

“Жақында КешYou-дің жаңа құрамын таныстырамын. Бұл топтың 12 жыл тарихында тек қана жанды дауыста ән салатын құрам болады. Біз ақыры жаңа сатыға көтерілдік. Қазіргі таңда әртістер тек жанды дауыста ән айту керек деп ойлаймын. Бұған дейін бізде тек жанды дауыста ән салатын мүмкіндік болған жоқ. Мәселе аппаратурада да емес. Тек бізде жанды дауыста ән айта алатын құрам болған емес”, – деп мәлімдеді продюсер.

Алагөзованың айтуынша, жаңа құрамды елдің барлығы мойындайтын болады. Себебі:

“Қазір жас қыздардан өте керемет құрам жасақталды. Жақын күндері бейнебаян түсіріп жатырмыз. Клиппен бірге жаңа құрамды да таныстырамын. Кішігірім концерт береміз, онда қыздар вокалдық қабілеттерін көрсетеді”, – дейді Баян Мақсатқызы.


Тегтер:КешYou