Ана-біздің күніміз » Қазақстан ұстаздарына арналған
Атырау облысы Атырау қаласы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Аты жөні: Жанбырбай Гүлмерей Жалғасқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»
Мақсаты:1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
2.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3.Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Көктем-ана,қыздар-гүл»қабырға газеті,нақыл сөздер,балалардың шығармашылық жұмыстары.Сынып шарлармен,гүлдермен безендірілді.
Бастаушы:Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана-біздің күніміз»атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз. Хормен: Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар.
1-оқушы: Әлпештеген,аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мерамыңмен құттықтаймын.
Хор: «Туған күніңмен».
2-оқушы:
Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
3-оқушы: Кім сендерді,балалар,тербететін, Еркелетіп,ойнатып,сергітетін.
Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
4оқушы:
Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн-шуақ,
Бізге қымбат анамыз.
5-оқушы:
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Қыздар тобы:би «Қамажай».
6-оқушы:
Бойға қуат береді,
Әй,жарайсың дегені.
Мен анамнан әр кезде,
Соны естігім келеді.
7-оқушы:
Ойнаймыз,күлеміз,
Жарқылдап,жүреміз.
Ананы сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
Вальс: «Шақырады көктем» 8-оқушы: Қамқорсың ана өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгінде. 9-оқушы:
Бал – бөбегін мақтаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді –
Көп жасасын жақсы адам.
10 – оқушы:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтаған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Хор: «Ақ мамам»
11 – оқушы:
Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әр қашан.
12 – оқушы:
Ардақты ана,Аяулы ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
13 – оқушы:
Әже маған үлгі сөзіңіз,
Өнегесіз өзіңіз.
Жақсылыққа талпынар,
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене,
Жаман деген немене,
Осындайда әжетай
Айтыңызшы өнеге.
14 – оқушы:
Құртпен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Хормен:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Ақ әжем»
Хор: «Ана туралы жыр»
Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.