Ана—өмірдің гүлі » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

Ана—өмірдің гүлі

«Ана – өмірдің гүлі»  деп бекер айтылмаған. Ана болмаса, бүкіл ғаламат қурап қалушы еді. Ана – өмірдің тірегі. Анаң сенің сүйенішің, қолқанатың, қорғаушың, әлемдегі ең жақын адамың. Анаң сені өмірге келгеннен-ақ, әлпештеп, мәпелеп, ақ сүтімен аймалап өсірді. Сені алғаш құшағына алған да  сол еді. Әрбір жан өз анасын жақсы көруі тиіс. Анаң сені кішкентай бейкүнә сәби кезіңнен-ақ мәпелеп өсірді, демек, сенде ол қартайғанда сөйтіп аялауың, қарайлауың керек. Себебі, ол сенің –парызың. Досым! Анаңа әрбір сәт сайын хабарласып, мән-жайын, хал-жағдайын сұрап тұруың міндет. Анаңды ешқашан тастама! Анаң не десе, соны орында. Қазір  анаң сенің жаныңда болғандықтан, сен анаңның қадірін түсінбейсің. Ал анаң өмірден өткен соң, сен өз-өзіңе өкінесің. Неге сол кезде анамның бетінен сүйіп-сүйіп алмадым екен деп… Бірақ, ол тек сенің ойың ғана. Анаңа тіпті өз жүрегіңді беруге дайын болуың керексің. Ол себебі, бар өмірін саған алаңдаумен өткізді. Сенде анаңа алаңдап, уайымдап отыруың қажет. Әйтпесе, кейін кеш блады. Өзіңе–өзің өкпелейсің,  мұңаясың, долданасың. Анаң саған бар өмірін арнады. Ешқашан сен жайлы жаман ойламады. Кей-кейде ұрысқаны болмаса, ол сені жан-тәнімен жақсы көруші еді. Анаңның саған ұрысқаны «айналайын» деген сөзімен тең. Анаң саған жақсы болсын деп ұрысады. Ал сен оны теріс қабылдап,  «анам мені жақсы көрмейді» деп ренжисің. Бірақ, ол дұрыс емес. Сен есейгенде анаңа ауыр сөз айтып, көңіліне мұң, жүрегіне қаяу салма. Анаңа айтқан әрбір жылы сөзің, сені жұмаққа алып кірер есіктің кілті болмақ. «Жұмақтың кілті-ананың табанының астында» деген мақал осыдан қалған.

«Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда, қарызыңнан құтылмайсың» деген нақыл сөздің мағынасы былай түсінемін. Сен анаңды солай апарғаның өзінде, ол анаңның  бір ғана толғағы болып есептеледі. Сондықтан, олай мақтануға болмайды. Анаңды мәңгілік жақсы көріп өт. Сен анаңа жылы-жылы сөздер айтып қуантсаң, анаң саған риза болады.  Қаншама қиналған толғағы бекер еместігін түсінеді. Сен анаңнан жырақта жүрсеңде, анаңды ойлап жүруің керек. Себебі, анаңда сені үнемі ойлап жүреді. Ата-анаңды ешқашан қарттар үйіне тастама,  саған жасаған баға жетпес жақсылығын мәңгілікке ұмытпа, досым!

                              Қаратай Айжан

                            5 «Г»сынып оушысы