Жетісулық тұтынушыларға 6 миллионнан аса қаржы қайтарылған
Жазғы демалыс және демалыс маусымы қарсаңында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне демалыс аймақтары мәлімдейтін талаптарға, түрлі тыйым салу бойынша сұрақтармен жүгінуде.
Осы орайда, а.ж 16 маусым күні облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұйыдастыруымен мемлекеттік мекемелер, демалыс аймақтары өкілдерінің қатысуымен «Демалыс орындарында тұтынушылар құқығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесуді департамент басшысы Еділ Зайтбеков ашып жүргізіп, сала өкілдері ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы Заңының демалыс аймақтарында тұтынушылар құқықтары бойынша демалыс аймақтарының өкілдеріне қажетті ақпарат беріп, түсіндіріме жұмыстарын жүргізіп, ортақ пікір алмасты.
Шараға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Атамекен» ҰКП және аудан-қалаларындағы филиалы, кәсіпкерлік, туризм басқармалары, аудан-қалалық кәіпкерлік бөлімдерінің басшылары, іскер әйелдер қауымдастығы, демалыс аймақтарының өкілдері қатысты.
Жалпы, Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштері артып келеді. Мысалға 2023 жылдың 1 маусымы бойынша Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті көмегімен 254 өтініш бойынша тұтынушыларға жалпы соммасы 6 101 000 теңге тұтынушыларға кайтарылған. Тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы алады. Өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар ол, сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алады.
Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштерінің ай сайынғы өсімі 25-30% — ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетіп отыр.
Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті