Жетісу облысында биыл 30-ға жуық БМК медпункттері салынады

0

Жетісу облысында 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен 12 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды, биыл 27-сі, ал 2025 жылға дейін тағы 34-і тұрғызылады. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Спикердің айтуынша, өткен жылы Сарыөзек ауылында 250 адамға емхана, Талдықорған қаласындағы модульдік инфекциондық аурухана сияқты жалпы саны 7 нысанның құрылысы басталып, 2 нысан пайдалануға берілген, қалған 5-еуі биыл салынып бітеді.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін
11 млрд. теңгеге 59 объект салу жоспарлануда.

— Биыл республикалық және жергілікті бюджеттен мәдениет саласына 14 объектінің құрылысы мен күрделі жөндеуге 4,5 млрд. теңге бөлінді. Жылдың соңында 3 нысан пайдалануға берілсе, 5-уінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады, — деді облыс әкімі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.