Биыл Жетісу облысындағы 73 елді мекенде жол жөнделуде
Биыл Жетісу өңірінде облыстық маңызы бар 221 шақырым жолдың және 73 елді мекенде 247 шақырым ауылішілік жолдардың құрылысы мен жөндеуіне 33 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
— Экономиканы дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды салалардың бірі — жол инфрақұрылымы. 2022 жылы өңірде облыстық маңызы бар 198 км жол, 63 елді мекенде 190 км ауылішілік жол 24,2 млрд. теңгеге жөнделіп, салынды. Қазір жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі — 91%. Биыл облыстық маңызы бар 221 шақырым жолдың және 73 елді мекенде 247 шақырым ауылішілік жолдардың құрылысы мен жөндеуіне 33 млрд. теңге бөлінді. Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 15 апатты көпірге жөндеу жүргізу жоспарланған, осы жылы жергілікті бюджеттен соның 5-еуін жөндеуге 928 млн.теңге бөлініп отыр, — деді Б.Исабаев.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.