Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді — Ел жаңалықтары

ШҚО-да Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Қаулыда.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz