Зорлықтан соң жүкті болып қалған қызды әкесі мен ағасы қылқындырып, басын кесіп тастаған
Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Шахжаханпур қаласында әкесі мен баласы 16 жастағы қызды тұншықтырып, басын кесіп тастады.
Қыздың денесі 6 қазанда табылды, деп жазады The Times of India.
Тергеу барысында марқұмды 23 қыркүйектен бері ешкім көрмегені белгілі болды. Туыстары оның жоғалып кеткені туралы хабарлаған жоқ. Марқұм қыздың туысымен бірге тұрған.
Кейінірек әкесі қызын өлтіргенін мойындап, оның отбасына ұят әкелгенін айтты және бұндай қылмысқа намыстанғандықтан барғанын айтты.
Жергілікті полицияның айтуынша, тұрмыс құрмаған қыздың жүкті болып қалғандығы туралы қауесет марқұмның отбасы тұратын бүкіл ауылға тез тарады. Отбасы мүшелері қыздың жүктілігі үшін намыстанған.
«Әкесі қызын жүктілікке байланысты өлтіргенін мойындады. Адамдар оны көпшілік алдында қорлай бастады. Марқұмның ағасы да қылмысқа қатысқан», — деп хабарлады полиция.
Марқұм Далит кастасына жататын (қол тигізбейтін) және ешқашан мектепке бармаған. Қыз өзін зорлағаны туралы шкімге айтпаған. Іші үлкейе келе ауыл тұрғындары оның жүкті екенін білген.
Марқұм баланың әкесінің атын атаған жоқ. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмаған қызмбен кімнің жыныстық қатынасқа түскенін анықтауға тырысуда. Қарындасын өліміге қатысы бар ағасы қашып кеткен.
Бұған дейін де Үндістанда осыған ұқсас жағдай болды. Халық ашуға булығып, наразылыққа шықты. Олар қызды топпен зорлағандарға қатаң жаза талап етті.