Зорлық-зомбылыққа қарсы эссе жазған оқушы қызды атып өлтірді

0
Зорлық-зомбылыққа қарсы эссе жазған оқушы қызды атып өлтірді


АҚШ-тың Милуоки қаласының тұрғыны 13 жасар Сандра Парксты өз үйінде атып өлтірген.

Өз бөлмесінен теледидар қарап отырған жерінен терезені жарып өткен оқ қызға тиген. Анасының сөзінше, кешкі сегізге таман қызы теледидар қарау үшін өз бөлмесіне кірген. Кейін «Анашым, маған оқ атты» деген сөз айтып бөлмесінен шыққан. Оқ даладан атылып, 8-ші сынып оқушысына тиген, деп хабарлайды КТК. 

Екі жыл бұрын Сандра зорлық-зомбылық мәселесі туралы эссе жазған. Өзі тұратын жерде адамдар мұндай қылмыстар салдарынан жиі қаза табады екен. Адамдар мейірімділік пен төзімділікке үйренсе, бір-біріне көмектесе алатын жағдайда ғана тығырықтан шыға алады деп ойлаған. Оқушы қыз сайысқа қатысып, үшінші орынға ие болған.

Оқиғадан кейін полиция 26 жастағы Исаак Барнс есімді азаматты қамауға алды. Ол көрші үйдің шкафында жасырынып отырған. Оған қастандықпен өлтірмеген деп айып тағылды. Болжам бойынша, ол бұрынғы дос қызына оқ жаудырғысы келген, бірақ қас-қағым сәтте оқ оқушы қызға тиген.