«Зонада бір-бірін «муж и жена» қылатын әйелдер бар»: жазасын 12 жыл өтеп шыққан Шолпан Тоқтархан әйелдер түрмесі туралы айтты

0

Есірткі сатты деген айыппен 12 жылға жазықсыз сотталған Шолпан Тоқтархан түрмедегі өмірі туралы егей тегжейлі айтып берді.

Бұл туралы Caravan.kz меди порталы хабарлайды.

«2006 жылы Астанға барып екі ресторан аштым. Содан біреудің құйрығын басып кеттім», — деді Шолпан Тоқтархан Абылайхан Өмірбайдың ютуб арнасына берен сұхбатта.

«Өзім асау ат сияқты ешкімге бой бермейтінмін. Өзі өзім өте сенімді болатынмын, Көбіне ақшамен жұдырықпен шешіп тастайтынмын. Сөйтіп тәкіпарлыққа салынып жүргенде Алла тағала мені тәубәсіне түсірейін деді ме 2012 жылы рестораныма маска киген, каска киген «омондар» ма, «беркут» па сол сияқтылар кіріп келді. Қолымды қайырып ұстап әкетті. Мені ДВД-ға апарды. Ол кезде мен аса қорыққан жоқпын, 100 пайыз сенімді болдым. «Қателесіппіз» деп айтып қазір жібереді деп ойладым. Өйткені ешқандай есірткі сатқан емеспін. Бірақ СИЗО- да 1 жыл бір ай ұстады. Алғашында жылай беретінмін.Кейін етім үйренді. Кейін сот болып, прокурор әйел 12 жылға соталсын дегенде саңырау болып қалдым. Давлением көтеріліп кетті. Артынан прокурор әйел қасыма келіп, «мені қарғамаңызшы» деді. Этаппен атақты Карлагқа әкелді. Түрмеде әуелі моншаға апарды. Үлкен сұр ғимарат. Ішінде бірнеше кран ғана істейді. Ішінде бұрыннан жүрген әйелдер суға таласқанда көз алдыма тозақ елестеп кетті. Ондағы нашақор әйелдердің тамырлары көгеріп, жаралары ашылып кеткен, кейбіреулерінен қаны шығап тұрады. Сол кезде «е, Алла тағала, тозақты тірі кезімде көрсетеді екенсің ғой. Мен мойындадым» дедім.

«Хозян дегені менің түсінгенім түрме бастығы екен. Ал әйелдердің арасында «смотрящая» деген болды. Камерада ұрыс керісті көбіне төбелеспен шешеді. Барлық камерада пышақ болды. Жасырып ұстайды. Өйткені бірдеңе кесіп жеу керек болады дегендей. Бір-бірін муж и жена  қылып алатын әйелдер де болады екен. Бір жолы күйуі болып жүрген әйел этаппен жаңадан келген бір қызға ғашық болып қалып, қасындағы «женасын» бас тартты. Ол әйелі болса қызғаныштан өз ішіне шеге тығып алды»,- деді түрмеде жазасын өтеп келген Шолпан Тоқтархан.

https://smartnews.kz/news/zonada-bir-birin-muzh-i-zhena-kylatyn-ajelder-bar-zhazasyn-12-zhyl-otep-shykkan-sholpan-toktarhan-ajelder-turmesi-turaly-ajtty