Зоб ауруы туралы |
Зобтың бір атауы – «жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді.
Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.
Қазақстан йод жетіспейтін аймаққа жатады. 2000 жылдан бастап йод жетіспеушілігі аурулары көбейді. Тұрғындар тағам құрамындағы йодқа ерекше мән берген жөн. Йод жетіспеушілігі тахикардия, қол дірілдеуі, аз ғана диффуздық жемсау сынды ауруларға себеп болады. Күйгелектік пайда болу, жылау, бұлшық ет әлсіздеу болады. Асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері сыртқа шығып, беттері өзгеріп, тыныс алу қиындайды. Жүйке талшықтары қозғыштығы төмендеп, ми геометриясы өзгереді. Жүректің минуттық соғуы кемиді. Миокард гипоксиясы қалыптасады. Ас қорыту процесі бұзылады. Осыдан бастап қаназдық туады. Зоб ауруын емдеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережесі барлық жерде бірдей.
Зобтың түрі көп. Соның ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. Оның 3 сатысы бар:
1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанда сезілмейді.
2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі.
3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.
Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып-көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көп ауырады. Ағзадағы йодтың 90 пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген жөн.
Йод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларда, балық майында көп. Теңіз қырыққабатын ламинарияда көп болады. Жемістерден: апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері йодқа өте бай. Жидектер: сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады.
Отаны асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс. Зоб аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Себебі ауру асқынған кезде шақалақ өліп кетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестеде қалқанша безінің дамымай қалуы, туа біткен гипотиреоздық қалыптасуы ықтимал. Қауіптісі нәресте ақыл есі кемтар болып туылуы мүмкін. Диагноз қойылған бала өмір бойы гормондық ем алуға мәжбүр. Уақтылы емделсе, эндемиялық зобтан қауіп жоқ. Зобтың токсикалық түрі ұзақ уақыт емделіп, дәрігер қарауында болу керек. Дәрігердің рұқсатынсыз бала тууына болмайды.
Егер отбасында біреу зоб болып ауырса, тұқым қуалауы мүмкін. Ол тиреоидтық гормон биосинтезінің генетикалық бұзылуы. Зобты әркім өзінше емдемеу керек. Эндокринолог дәрігерлер емдейді. Сырқаттың бірінші дәрежесінде тек қана йодталған Йодомарин, йодты калий сияқты дәрілер ішу. Йодқа бай тағамдар ішу.
Емі дұрыс жүрген адам, йодты тағамдарды үнемі пайдаланса сауығып кетеді. Зобтың тұқым қуалайтын, қатерлі түрлеріне шалдыққандары құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, сырқат созылмалы күйінде қалады. Науқастар берілген мөлшердегі дәріні ішіп тұру керек. Егер ем дұрыс жасалса, 8 аптада жағдайы түзелуі тиіс. Кейде екі жылға дейін созылады. Қалқанша безінің көлемі қалпына келсе, бір жылдан кейін йод қосылған препараттарға көшу қажет.
Біле жүріңіз:
Дені сау адамға шамамен 150 микрограмм йод қажет.
http://inform.kz