«Жыныстық мүшесін көрсететін»: мұғалім ағасы 10 жыл бойы үздіксіз зорлап келген қыз үндеу жасады (ВИДЕО)

0

Айтуынша, құзырлы орган дәлел болса да бір жыл ішінде тергеу ісін жауып тастаған. Бойжеткен өзін туысқан ағасы 6 жасынан азғындық жасап, 16 жасқа дейін зорлап келгенін айтты. Ер адам ауылда мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, деп Kznews.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева өзінің парақшасында бөлісті. Ол Бас прокуратураға бүкіл істі 2017 жылдан бастап тексеруді ұсынды.

«Мен 10 жылдан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келдім. Туысқан ағам Жұмаханов Е мен алты жасымда өзінің жыныстық мүшесін көрсететін. Түрлі порнографиялық видеолар көрсететін, менің қалауымсыз көрсететін. 11,12,16 жасыма дейін өзінің ойын жүзеге асырып келді. Мен құзырлы органдарға, жоғары органдарға арыз жаздым. Біздің Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы заң болса да әлі күнге дейін күшіне енбеген? Бір жылдың ішінде тергеуімді дәлел шығып тұрса да жауып тастап отыр. Еркебек мектепте мен тұрған ауылда денешынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген», — дейді ару. Бұл істің тергеу жұмысы аяғына дейін жетпеген.