«Жыныс мүшесін көсеумен күйдірген»: Балалар омбудсмені Алматы облысында зорланған үш жасар егіздердің басқа бауыры да өгей атадан зорлық көргенін мәлімдеді

0

Балалар омбудсмені Динара Закиева Алматы облысындағы зорланған үш жасар егіз қыздарға барғанын мәлімдеді. Ол отбасыдан егіз қыздардан бөлек тағы бір баланың зорлық көргенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтуынша, қыздар қазір ауруханада.  Ол, сонымен қатар, отбасының басқа балаларытұрып жатқан сәбилер үйі мен балалар үйіне барған.

“Бұл сұмдық – сол отбасындағы басқа 7 жасар қызға қатысты бұрын жасалған қылмыстың жазасыз қалуы, маскүнемдік  толық пен деградацияның нәтижесі. Екі жыл бұрын егіздердің нағашы әжесі мен өгей атасы 7 жасар қыздың жыныс мүшесін көсеумен күйдіргені анықталды. Бала интернатта оқитын еді. Сол жерде бұл анықталған”, – деді ол.

Сол кезде ҚК-нің 140-бабы “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау” бойынша іс қозғалған. Уәкіл іс 110-бап «азаптау» бойынша қозғалу керек болғанын айтады. Әрі ол іс тек сол кезде нағашы әжесінің үстінен қозғалғанына наразы. Айтуынша, ер адам кінәсін мойындаған,

“Сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұлмен жаба салды. Нәтижесінде бала үйде оқытуға ауыстырылды және екі жылы азаппен өтті. Сөйтсе, олар зорлық белгілерін жасыру үшін оны күйдірген”, – деді Закиева.

Ол бұл жағдайға жауапты өкілдердің жазалануын талап етті

“Егер екі жыл бұрын кінәлі адам жазаланып, «Азаптау» бабы бойынша түрмеге отырғызылғанда, үш баланы құтқарып қалуға болушы еді. Балалардың басынан не өткенін ойласаң, жан түршігеді”, – деді омбудсмен.

Ол Президенттің тапсырмасы бойынша осы нормалардың барлығын мемлекеттік органдармен және AMANAT фракциясының Парламент депутаттарымен өткен айда ұсынылған балалардың қауіпсіздігін және алдын алу жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасына енгізгенін мәлімдеді.

“Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың 70%-ы алкоголизммен, алкогольдік масаңдықпен және тұрмыстың қолайсыздығымен байланысты. Ал мұндай қылмыстар күн сайын 342 адамға қатысты жасалады. Әрқайсысының артында әйелдің, баланың өмірі мен бұзылған тағдыры жатыр”, – деді уәкіл.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 40 жастағы ер адам үш жасар екі қызды зорлады деп күдікке ілінді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, кішкентай қыздың қынабынан қан кетіп, ауруханаға жеткізілген. Осы кезде оны өгей әкесі зорлағаны белгілі болды. Алайда кейін бұл өгей атасы екені анықталды. Нағашы әжесі бұл егіздің сыңарымен де болғанын мойындады. Бірақ азаматтық некедегі жұбайы, яғни қыздардың өгей атасынан қорқып, айтпаған. Қыздардың әжесі де қамауға алынды.