«Жын-шайтандар мекендейді»: Желіде түпсіз терең құдықтың видеосы жарияланды
Желіде Йемен Республикасының шығысындағы шөл далада орналасқан Бир-Бархаут құдығының жаңа суреті жарияланды. Көпшілік біле бермейтін бұл түпсіз терең құдықта аңыз бойынша жын-шайтандар мекендейді, деп жазады knews.kg.
Басылымның мәліметінше, Бир-Бархаут – Йеменнің көпке танымал, ғажайып жерлерінің бірі. Себебі мұнда ені 30 метрді құрайтын алып құдық орналасқан. Бір қызығы, ғалымдар құдықтың тереңдігі қанша метр құрайтынын әлі күнге дейін білмейді.
Ал Al Arabiya басылымының жазуынша, ғалымдардың болжамынша, құдықтың тереңдігі шамамен 100-250 метр.