Жын кірген: Алматыда әйел 12 жасар ұлын, содан кейін өзін өлтірді  

0

Алматы полициясы 26 қаңтарда оңтүстік астанада орын алған баланы өлтіру және әйелдің өзін-өзі өлтіруіне байланысты оқиғаны егжей-тегжейлі баяндады.

«Мәліметтерге сәйкес, 41 жастағы әйел 12 жасар ұлына бірнеше рет пышақ жарақатын салған, содан кейін өзін-өзі өлтірген. Сондай – ақ бұл күні ол бұрынғы жұбайына аудио хабарлама жіберіп, оған жын қоныстанғанын және оның қолымен ұлын өлтіргенін айтқан», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы жұбайының үйіне келіп, әйелі мен баласының денесін тапты. Ол құқық қорғау органдарына бұрынғы жұбайының соңғы айларда психикалық ауытқуы бар екенін түсіндірді.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: pixabai.com