«Жымқырып жатыр дедім»: Швейцария Тимур Құлыбаев пен Дариға Назарбаеваның есепшотын бұғаттады» — БАҚ

0

Түрлі әлеуметтік желіде Тимур Құлыбаевтың Швейцариядағы шотының бұғатталғаны туралы ақпарат тарады. Аталған шотта 600 миллионнан астам доллары болғаны белгілі болды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Бұқаралық ақпарат құралдары, Назарбаев, Қазақстанның Бас прокуратурасы, парламентке Тимур Құлыбаевтың 100 миллиондаған долларды жымқырып жатқаны туралы мәлімдедім. Бірақ ешкім құлақ аспады. Артынша 6 Қазақстан азаматы Швейцарияның прокуратурасына арыз жаздық. Менің таң қалғаным –  Швейцария Құлыбаевтың  есепшоттарына арест қойды, – дейді ақпарат таратушы автор.

Әрі қарай ол аталған есепшоттың 3 жыл бойы бұғатталғанын және Тимур Құлыбаевтың шотты бұғаттан шығару үшін бірнеше себеп айтқанын бөлісті. Десе де Қазақстанның салық инспекциясы ол ақшалардың ұрланбағандығын және Қазақстанның қаржы министрлігі бұл ақпаратты растап отырғандығын хабарлаған.

Автор Дариға Назарбаеваның Лондондағы активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді. Дәлірек Назарбаеваның 100 миллион фунт шамасындағы мүлкіне арест қойылғаны жайлы ақпарат беріп,  оның Англиядағы 2 зәулім үйі мен 2 пәтеріне қатысты да пікір білдірген.