Жылу ақысы 30% қымбаттауы мүмкін

0
0

Елордада жылу ақысы бірден 30 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бас қаланы жылумен қамтып отырған  «АстанаЭнергоСбыт»  компаниясы қыруар шығынға батып жатырмыз» деген себеппен тарифті өсіру жөнінде өтініш берді. Бұл туралы КТК арнасы сілтеп хабарлайды. 

Компанияның есебінше, биылғы тарифтің ең төменгі шекті мөлшері 1 гигаколорияға 878 теңге 84 тиынға шығып тұр. Бұл қазіргі тариф бағамынан 30 пайыз жоғары.

Компания басшылары елде тауар бағасы, қызмет құны қымбаттап жатқанын айтып зар қағып отыр. Оның үстіне, қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері өсті.

Оның бәрі «АстанаЭнергоСбытты» шығынға батырып, өзге компаниялар алдында қарызын көбейіп жіберіпті. Сондықтан, бұл түйткілдерді тарифті өсіру арқылы шешіп алмақ.

Айта кетейік, қаладағы жылу ақысын көтеру мәселесі бір ай қаралады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз