Жылдың басынан бері жарты миллион адам жүргізуші куәлігін алды

0
Жүргізуші куәлігі
Фото: Kaztv.kaztrk.kz

2018 жылдың 10 айында халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған орталықтардан 502 253 адам жүргізуші куәлігін алған.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Мұрат Жұманбайдың мәліметінше, берілген куәліктердің 110 254-і Алматы тұрғындарына, 71 540-ы Астана тұрғындарына тиесілі.

Мұрат Жұманбайдың мәліметінше, халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған орталықтар жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінде болады.

Азаматтар жүргізуші куәлігін Egov.kz электрондық үкімет порталынан онлайн ауыстыра да алады. Жылдың басынан бері 10 мыңға жуық адам куәлікке дәл осылай қол жеткізген. Портал арқылы автокөлікті тіркеуге де болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!