Жылап жіберген: Түркістанда әкесі өгей қызын 2 жыл бойы зорлап келген

0
4158
Көрнекі сурет: Morango57

Түркістан тұрғыны 2 жыл бойы өзінің өгей қызын төсек қатынасына тартып, азғындырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

11 жасар қыздың жантүршігерлік, басынан кешкен оқиғасы Алматыға туған әкесіне барған соң белгілі болды.

«Қыз бала екі күн бойы өз басынан өткен оқиғаға ұқсас жаңалықтар көрген. Содан соң ғана анасына айтуды жөн санаған. «Мен секілді өгей әкесінен зардап шеккен қыздың оқиғасын көрдім. Мен енді не істеймін?» деп жылап жіберді», – деді «Немолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова. 

Астана арнасының мәлімдеуінше, осы секілді ел ішінде жүздеген оқиға орын алуда. Одан бөлек, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты статистиканы еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі келтірді.

«Оның ішінде 669-ы жақын адамдарынан зардап шегіп отыр, бұл дегеніміз 81 пайызы. Оның 10 пайызы әкесі немесе өгей әкесі болып табылады. Және 80 пайызы анасымен бірге тұратын жаннан, көршісінен, сондай-ақ, туысы мен танысынан зорлық-зомбылық көреді. Былай алып қарасақ, олар балалардың жақын адамдары және балалар оларға сенім артады», – деді Тұрғымбаев. 

Министрдің айтуынша, балалар өз жақындары саналатын қылмыскерлердің қолдарына тап болуда.

«Қоғамдық қарым-қатынастың осы секторы тәртіп сақшылары назарынан тыс қалып отыр. Біз бұны мойындаймыз. Бар күш-жігерімізді көшедегі оқиғаларға, блокпост пен карантиндік іс-шараларға салып жатырмыз», – дейді ол. 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету