«Жылап қалдым»: Төреғалидің әйелі күйеуін кинодағы актрисадан қызғанғанын мойындады

0
723
Сурет: instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарқызы жолдасын актрисадан қызғанғанын мойындады. Ол Ұлы дала баласын кинода әйелінің рөлін сомдаған Мадина Оспаннан қызғанған. Алайда қазір күліп қана еске алады, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Толқын мен Төреғали бүгінде бесінші сәбиін күтіп отыр. Алла жазса, ұл бала өмірге келмек. Ерлі-зайыпты сәбидің жынысын анықтап, алғаш рет «гендер-пати ұйымдастарды.

«Бұл перзентімізді жаңадан ата-ана атанатындай ерекше күтіп жүрміз! Жалпы жүктіліктің басынан бастап, 4 перзентімде болмаған токсикоз болды. Үйдің емес сырттың тамағына жерік болып жүрмін.

Шынымды айтсам, бұл жүктілігімде отағасы қасымда, оның өзі бөлек қолдау екенін қазір түсінемін! “Ұлы дала комедиясын” көргендеріңіз болса білетін шығарсыздар. Мадина сомдаған басты рөлдегі келіншегімен отағасы, узиге барып, бала жынысын біледі ғой.

Соны көріп мен жылап қалғанмын, қызғанып та үлгергенмін, өзіңіздің перзентіңізді білуге бармайсыз менімен, ал кино үшін барасыз дегенмін.

Әйтпесе ол кино еді ғой. Қазір күлкім келеді. Алла ол қуанышты, ол бақытты сәттің дәмін татуды осы перзентімізбен нәсіп еткен екен! Аллаға сансыз шүкірлер!!! Баршаңызға жұғысты болсын», – деп жазды Толқын Тұрарқызы парақшасында.

Көпшілік құтты болсын айтып, қолдау білдірді.

«Қуанышыңыз еселене берсін», «МашАллаһ, аман-есен бауырыңызға алыңыз», «Қазақтың баласы болсын», «Жүктілігінің жеңіл өтсін», «Керемет жар, аяулы ана, ибалы келінсіз», «Перзенттеріңіз аман болсын», – деп жазды олар.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету