Жыл соңына дейін Қазақстанда тағы тоғыз жол ақылы болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандықтар үшін жол жүру ақысы жол учаскесі мен төлем әдісіне байланысты 100-600 теңге аралығын құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. 2020 жылдың соңында тоғыз жол учаскесі ақылы болады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, төлем алу жүйесінің құрылысын жүргізу келісімшарты Computer Vision Technologies компаниясымен жасалған.

«Жыл соңына дейін біз барлық монтаж жұмыстарын аяқтап, сынақ режимін іске қоса бастаймыз», – деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.

Ақылы жол учаскелерінің тізімі:

  • Шымкент – Ташкент;
  • Қапшағай – Талдықорған;
  • Павлодар – Нұр-Сұлтан – Павлодар;
  • Павлодар – Омск – Ресей шекарасы.

Батыста ақылы болатын жолдар:

  • Атырау – Ақтау;
  • Бейнеу – Ақжігіт;
  • Ақтөбе – Орал;
  • Орал – Тасқала және Орал – Самара учаскесі.

Ұлан Әліпов мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлерге ақылы жолдармен жүру жеңілдігін қарастыратын заңға түзетулер дайындалып жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Министр 2025 жылға қарай қанша жол ақылы болатынын айтты

Айта кетейік, жолдың ақылы учаскелерінде жүру бағасы жолдың учаскесі мен төлем әдісіне байланысты 100-ден 600 теңгеге дейінгі аралықты құрайды. Мәселен, интернет арқылы онлайн-төлем жасалған жағдайда баға екі есе төмендейді.



sputniknews.kz