“Жыл сайын адам өлтіреді” — Шерзатттың әкесі «Хутор» бригадасы туралы пікір білдірді
Марқұм Шерзаттың әкесі ұлын өлтірді деп айыпталған бір топ күдіктіге қатысты деректерді бөлісті, деп хабарлайды Kznews.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның әкесінің айтуынша, Талғардың жергілікті бұзақылары осы күнге дейін шағын және орта кәсіптердің үстінен қарап, бопсалап келген.
«Талғардағы дүкендер, тамақтанатын орындар мен ресторандар – солардың бақылауында. Маған да олардың келетіні туралы ескертілген еді. «Саған да келеді, сол уақытта сұрағанын бер» деп айтты. Мен келістім. Бірақ олар келмегеннен кейін «кімге беремін?» деп далаға жүгірмеймін ғой. Міне, Талғарда әкімдіктен бастап, прокуратураға дейін әділетсіздік жайпап жатыр. Тіпті жедел жәрдемнің өзі жемқорлыққа бейімделіп алған. Қарапайым халықтың жағдайы оларға қызық емес. Оған қоса жыл сайын «Хутордың» балалары адам өлтіреді. Мен ғана зардап шекпеген екенмін. Елдер келіп, жағдайларын айтып жатыр. Мәселен, бұған дейін тапа-тал түсте біреудің көзін ойып алған, біраз қызды зорлап тастаған», — дейді марқұмның әкесі abdulla.kz парақшасына берген сұқбатында.