Жыл басынан бері қызылшадан 15 адам көз жұмды – министр себебін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Министрлік екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды. Жаңа норма халық денсаулығы туралы заң жобасына енгізілген

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері республикада 15 адам қызылшадан көз жұмды, олардың дені – балалар. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтырдан бері қызылшамен ауырған адамдар саны көбейген. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа елдерінде де байқалып отыр.

«Бұл жаңа штаммдардың енуімен байланысты болды. 15 адам көз жұмды, негізінен, балалар. Көбісіне денсаулығына байланысты екпе жасалмаған, енді бірінің ата-анасы бас тартқан. Яғни, ең алдымен, қорғалмаған балалар зардап шегеді. Сондықтан бүкіл әлем жаппай вакцинация жүргізеді», — деді Біртанов мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын таныстырғаннан кейін.

Ал бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің сөзінше, 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың 9 айы аралығында 19 адам қызылшадан көз жұмған. Адам өлімі ең көп Нұр-Сұлтан қаласында (14 адам) тіркелген.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрлігі екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды. Жаңа норма «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске енгізілген. Десе де, заң жобасында балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар үшін қандай да бір жауапкершілік қарастырылып отырған жоқ.

Тағы оқыңыз: Шымкентте балалар ауруханасының екі зертханашысы жаға ұстатарлық мәлімдеме жасады

 



sputniknews.kz