Жыл басынан бері Қазақстанда жол апатынан 1000-нан аса адам қаза болған

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендердің 77%-і оқиға орнында немесе ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырады екен

АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстан жолдарында 13 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, мыңнан астам адам қаза болған. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Олег Честнов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Честнов Қазақстанда жол апатынан көз жұматындар саны жылдан жылға азаймай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Айтуынша, тіпті 5 пен 14 жас аралығындағы балалар арасында өлім-жітімнің басты себебі – жол апаты екен. 

«Жол апаты – түрлі жас топтары арасындағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі. Әсіресе бұл 5-14 жас аралығындағы топтарда ерекше байқалады. Жол апаты мұндай жастағы балалар өлім-жітімінің басты себебі болып отыр. 15 бен 29 жас аралығында жол апаты балалар өлімі себептерінің тізімінде екінші орында тұрады», — деді Честнов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күніне арналған брифингте

Оның айтуынша, проблема тек Қазақстанда ғана емес. 

«Еуропа жолдарында күніне 250, ал жылына 85 мың адам қаза болады. Қарашада жағдай бойынша Қазақстанда 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1000-нан аса адам көз жұмды. Жыл сайын, әдетте, 2-3 мың адам ажал құшып жатады», — дейді ДДСҰ өкілі. 

Честнов мезгілсіз өлім деген түсінік барын, яғни адамдар 70 жасқа толмай жатып, негізінен, жолдарда көз жұматынын атап өтті. 

«Мезгілсіз өлімнің негізгі себептерінің бірі – жол апаты», — деді ол. 

Ал травмотология және ортопедия ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері Галина Жақсыбекованың айтуынша, жол апатынан зардап шеккендердің 77%-і оқиға орнында немесе ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмады екен.  

«Жыл сайын 600-ден астам жарақат болады, оның 20%-і – жол апаты салдарынан. Бұл жерде тек Қазақстанға ғана тән ерекше жағдайлар бар, мәселен, жер аумағының үлкендігі, халық тығыздығының төмендігі, негізгі жолдардың бойында медициналық ұйымдардың дұрыс орналаспауы деген сияқты. Мұның бәрі жарақат алған адамдарды ауруханаға жеткізуді қиындатады», — деді ол.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз