Жыл басынан бері Астанаға жарты миллионнан астам турист келген
2018 жылғы 7 желтоқсан 13:44 9
АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада туризмнің барлық бағыты, оның ішінде медициналық туризм қарқынды дамып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-де белгілі болғандай, Астананың туристік әлеуеті айтарлықтай өсті. Осы жылы Астанаға 500 мыңнан аса адам келген.
«Қала брендінің қарқынды дамуы мен ілгерілуі елордада жыл сайын ірі конференциялар, көрмелер мәдени және спорттық іс-шаралардың өткізілуіне ықпалын тигізді. Бүгін Астана Орталық Азиядағы жаһандық мәселелерді шешуге арналған маңызды диалогтік алаңарды құру орнына арналды. Қазіргі таңда елорданыі Орталық Азиядағы, содан соң әлемдегі басты туристік бағыттың бірі болуына мүмкіндігі бар»- дейді «Астана Конвеншн Бюро» маркетинг департаментінің бас менеджері Әйгерім Бейсембаева.
Астананың іскерлік туризм индустриясының әлеуеттік күші бар, қалада 130-ға жуық кез келген күрделі деңгейдегі шараны өткізетін әлеуетті локациясы бар. ЭКСПО-2017 көрмесі үшін арнайы салынған нысандардың бірі — «Нұр Әлем» шары. Ол басқа елдердің туристерінің қызығушылығына ие көрнекті орынға айналды. Ә. Бейсембаеваның айтуынша, көрменің дәл осы бөлігін көру үшін тек елорда қонақтары ғана емес жергілікті тұрғындар да жиі келеді.
«Астананың, сонымен қатар, посткеңестік кеңістікте медициналық туризмнің де алғашқы дестинациясы болуға әлеуеті жеткілікті. Мамандандырылған емханалар, әлемнің жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибеден өтіп келген жоғары білікті мамандар аймақтық деңгейде ғана емес, алыс шетелдермен де бәсекелесе алатындай жақсы база құрылған. Қазіргі кезде әрбір медициналық орталық медициналық туристерді тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», — деп атап өтті Ә. Бейсембаева.
Қазақстан астанасы беделді «Бейбітшілік қаласы» дәрежесін алған, посткеңестік кеңістіктегі үшінші қалаға айналды, WTCF (World Tourism Cities Federation) қатарына кірді және ТМД елдері арасында бірнеше рет ең үздік қалалар рейтингіне енді.