Жыл басынан бері 6300 адам мемлекеттік қызметке келген

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік қызмет саласына 6296 адам келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті басқармасының басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Ол 2018 жылы мемлекеттік қызмет саласында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

«Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке 6296 адам келді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 17 пайызға артық. Сапалық құрам бойынша жағдай келесідей: мемлекеттік қызметшілердің орта жасы – 38,7 жас. «Болашақ» бағдарламасы және шетелдік ЖОО түлектері – 981 адам, ерлер – 45%, әйелдер – 55%», — деп атап өтіт Әбілев.

Ол қызметшілерді іріктеу ашықтығын арттыру және оны жетілдіру үшін биыл заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілдігенін айтты. Оның ішінде кандидаттарға әңгімелесу процесінің бейнетүсірілімін жүргізу құқығы берілген. Үміткерлердің басшылық лауазымдарға эссе жазуы, сондай-ақ болашақ басшылардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттамаларын білуін міндетті түрде тексеру жүргізіледі.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ