Жыл басынан бері 418 адам тамақтан уланған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов «Қоғамдық денсаулық сақтауды жетілдіру мәселелері туралы» отырыста тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алаңдаушылық туғызатын мәселелерді көтерді.
«Егер 2017 жылы топтық тағамнан улану оқиғалары 1,6 есе өсіп, зардап шеккендер саны 203 адамды құраса, 2018 жылдың 9 айының өзінде 418 адам зардап шеккен. Балаларға арналған тауарлардың қауіпсізідігіне бақылау жүргізу барысында 2017 жылы 980 сынақ тесттік талаптарға сәйкес келмеді. Бұл зерттеулер сынақтар санының 31% құрайды. Импортталатын 50421 тауарларға камералық бақылау аясында 47% талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды», — деді Өтемісов.
Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында осы салаға назар аударғанын айтты.
«Мемлекет басшысы бүгінде халықты сапасыз әрі денсаулыққа, өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жоқ деді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы біз әрдайым мемлекетке көмек көрсетеміз, алайда адам, оның құқықтары мен денсаулығы маңыздырақ деп нақты атап өтті», — деді ол.
Оның айтуынша, 1991 жылы Қазақстанда орташа өмір сүру жасы 60,6 жасты құраса, 2017 жылы 72,3 жасқа дейін ұзарған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ