Жыл басынан бері 15 мың адам вакцинадан бас тартқан

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде вакцинадан бас тартатындар саны көбеймесе, азаймай отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Мәжіліс үйінде өткен қоғамдық денсаулық сақтау саласын жетілдіру туралы отырыста мәлімдеді.

«Жыл сайын елімізде жұқпалы ауруларға қарсы 5 млн астам адамға, соның ішінде 1,3 млн балаға екпе жасалады. Балаларды сапалы вакцинамен қамтамасыз ету үшін ДДСҰ сертификаттауынан өткен вакциналар сатып алынады. Сондай-ақ вакцинадан бас тартатындар бар. 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, 14823 астам адам вакциналаудан бас тартқан», — деді вице-министр.

Ол мұның алдын алу үшін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы жоғары екенін атап өтті. Жыл басынан бері осыған дейін екпеден бас тартқан 2473 балаланың ата-анасы вакциналауға рұқсат берген.

Ал «Вакционология» қоғамдық бірлестігінің президенті Айнагүл Қуатбаев вакцинадан бас тартқандардың көшін Алматы қаласы, Ақтөбе және Қарағанды облыстары, БҚО бастап тұрғанын айтты.

«Вакцинадан бас тартушылар саны артып келе жатқаны бізді алаңдатады және олар Алматы, Ақтөбе секілді белгілі бір аумақтарға шоғырланған. Бас тартушылардың арасында ауруға шалдыққандар саны артып отыр. 2016 жылы қызылшамен ауырғандардың 40%-і вакцинадан бас тартып, екпе алмаған. 2017 жылы қызылшамен ауырған балалардың 40% бас тарту себебімен егілмеген», — деді ол.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ