Жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен екі ер адамды халықтың алдында 77 рет ұрды
Индонезияның Ачех ауылында екі ер адам жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскені үшін жазаланды. Оларды халықтың алдында 77 рет ұрды.
27 және 29 жастағы екі ер азамат қараша айында қолға түсті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар екі ер адамның бөлмесіне басып кіргенде олар жыныстық қатынаспен айналысып жатқан.
Шариғат соты бойынша оларды 80 рет ұру жазасы тағайындалды. Алайда олар біраз уақыт түрмеде болғандықтан, жаза 77-ге дейін қысқарды.
Ер адамдар жаза орындалып жатқан кезде тоқтатуды сұрап жалынды. Сондай-ақ, құқық қорғау тобы бұл жазаны сынға алды.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, ер адамның біреуінің анасы оларды жазалап жатқанын көріп талып қалған.
Ачех ауылында мұндай жағдай осымен үшінші рет болып отыр.