Жұртты 94 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ Қазақстанға жеткізілді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Ол шетелден автокөлік алып келемін деп 8 адамнан ақша алып, қашып кеткен 

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Грузия алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы Саят Ислямовты елге қайтарды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеу болжамына сәйкес, қазақстандық азамат 8 адамды жалпы сомасы 94 миллион теңгеге алдап (250 мың доллар), қашып кеткен. Ол зардап шегушілерге шетелден автокөлік алып келемін деп уәде берген.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Саят Ислямов Астана, Алматы және Қарағанды қаласында бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемде бірнеше алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікке ілінген.

Кейін құзырлы органдар оған халықаралық іздеу жариялаған. Алматы прокуратурасы күдіктінің ұсталғанын растап отыр.

«Қазіргі таңда Саят Ислямов Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада.



sputniknews.kz